03.05.2023 ж. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «ІТ мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін мектеп жас мамандарының шығармашылық әлеуетін қолдау, жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу мақсатында мектепішілік «Жарқыра, жаса, жас маман!» байқауын өтті. Байқауға қатысқан жас мамандарымыз
🥇І орын «Аманат» тобы – Абатбаев Жанболат Аманкосулы, Ғалымқызы Перизат, Рахметулла Ляззат Берікқызы;
🥈ІІ орын «Жас математиктер» тобы – Акжигитов Талгат Акжигитович, Ибрай Ұлжан Есембайқызы, Құсайынов Нұрғиса Ғабитұлы, Мамбетова Гауһар Ержанқызы;
🥉ІІІ орын «Бастауыш» тобы – Қызылбаева Шолпан Есетқызы, Етрекова Ақбидай Аманғалиқызы, Жұмағали Айгуль Шайхығалиқызы, Есқуатова Нұрсұлу Аманқызына Алғыс білдіреміз!
