*Республика күніне орай өткізілген “Менің Республикам” атты пікірсайыс*
Республика күніне арналған “Менің Республикам” атты пікірсайыс жарысы 8–10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік рухын қалыптастыру, еркін ойлау және шешендік қабілеттерін дамыту болды.
Пікірсайыс барысында қатысушылар өз білімдері мен талдау, дәлелдеу дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Нәтижесінде:
• III орын – 10 “Г” сыныбының “G-power” тобы;
• III орын – 10 “Ә” сыныбының “Бірлік” тобы;
• II орын – 9 “Б” сыныбының “TI future” тобы;
• I орын – 10 “Ә” сыныбының “Қадам” тобы иеленді.
Барлық қатысушылар белсенділіктері үшін алғыс хаттармен марапатталды, ал жеңімпаз топтарға арнайы дипломдар табысталды
