Skip to content

“Педагогтерге курстан кейін кәсіби қолдау көрсетудің білім сапасына тиімділігі”

  • by

Ақпанның 17-сі күні «ІТ мектеп-лицей» КММ-де “Педагогтерге курстан кейін кәсіби қолдау көрсетудің білім сапасына тиімділігі” атты қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты- Педагогтердің біліктілік арттыру курстарынан алған білімдерін оқыту үдерісінде қолдана білу шеберлігіне кері байланыс жасау және курстан кейінгі қолдау көрсету Семинар мектеп әдіскері Артықбаева Арай Сағидоллақызының “Таныс болайық” тақырыбындағы тренингімен басталып, әрі қарай төмендегі мұғалімдердің сабақтарымен жалғасты.
1.Абатбаев Жанболат – химия пәні мұғалімі – ашық сабақ
2. Мақсымова Ақтолқын – география пәні мұғалімі, Қызылғұлова Әйгерім – биология пәні мұғалімі — «Жаратылыстану пәндерінде цифрлық тәсілдерді қолдану» (практикалық жұмыс)
3. Машырық Дариға – физика пәні мұғалімі, ашық сабақ
4. Абенов Улар, Тітірбай Ақтеңге – математика пәні мұғалімдері – «Бірлескен жұмысқа байланысты мәселе есептер» (практикалық жұмыс)
5. Молбаева Айнур – информатика пәні мұғалімі – ашық сабақ
Мұғалімдер оқытудың заманауи технологияларын тәжірибеде тиімді қолдану жолдарын көрсетті. Қатысушы педагогтерге курстан алған білімі мен біліктерін әр түрлі пәнде тиімді қолданудың өзекті мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар мен кеңестер берілді. Әр пәннің оқыту сапасын, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруда, педагогтерді курстан кейінгі қолдау мақсатында мұндай семинарлардың тиімділігі жоғары екендігі сөзсіз. Сонымен қатар барлық қатысушы педагогтер padlet тақтасына кері байланыс жасап, ұйымдастырушылар мен іс-тәжірибесімен бөліскен мұғалімдердің жұмысына оң баға берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *