Skip to content

Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Мектеп командасы: тиімді басқару және білім…

  • by

Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Мектеп командасы: тиімді басқару және білім сапасы» бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курсқа
мектебімізден мектеп директоры бастаған команда қатысты. Курс жалпы үш кезеңді қамтыды:
28.10 – 02.11.24 — І аудиториялық оқу кезеңі (56 сағат);
04.11 – 29.11.24 — “Мектептегі практика” кезеңі (80 сағат);
02.12 – 06.12.24 — ІІ аудиториялық оқу кезеңі (40 сағат). Барлығы: 176 сағат.
Курстың практикалық кезеңінде білім алушыларымыздың білім сапасын көтеру мақсатында екі жоба жүргізілді. Бірішісі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының у.м.а Бақытжан Елен және математика пәні мұғалімі Абенов Ұлар, физика пәні мұғалімі Оразалиев Сағынтай “7 сыныптар бойынша математика, физика, химия пәндеріндегі мәтін есептерді шығарудағы қиындықтарды шешу”, екінші команда мектеп директоры Батырова Анжела және директордың бейін ісі жөніндегі орынбасарының м.у.а Бисенова Лаура, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айтжанова Торғын, география пәні мұғалімі Мақсымова Ақтолқын бастаған команда “7-8 сыныптардағы биология және география пәндеріндегі алған білімдерін, практикада қолдану” тақырыптарында мектепішілік жоба жүргізіп, жоба жұмыстарын сәтті қорғап шықты. Мектеп командасының құрамына қолдау көрсеткен барша әріптестеріме көп-көп рахмет айтамыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *