7 сәуір күні мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымы оқушылары мектеп ауласының тазалығын сақтау мақсатында сенбілік ұйымдастырды. Еріктілер тобы мектеп аумағын қоқыстардан тазалау арқылы табиғатты аялауға, қамқорлық көрсетуге барша мектеп оқушыларын шақырды. Игілікті іспен айналысып, жанашырлық танытып, мектепті абаттандыруға бірге үлес қосуға үндеді.
