Skip to content

Министр мұғалімдерді артық жұмысқа жегуді тоқтату керегін ескертті Қостанай әкімі…

  • by

Министр мұғалімдерді артық жұмысқа жегуді тоқтату керегін ескертті

Қостанай әкімі мұғалімдерді су айдындарын тексеруге атсалысуын ұсынған. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осы мәселеге қатысты ұстанымын тағы бір рет еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сіздер менің ұстанымымды білесіздер. Мұғалім ұстаздықпен, яғни балаға білім берумен айналысуы керек. Бұған нүкте қойылуы қажет. Бұл заңмен де бекітілген мәселе. Сондықтан кейбір әкімдіктердің заңды аттап өтіп, мұғалімдерді міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартуды тоқтату керегін бірнеше рет айттым, — деді министр.

Тіпті осы мәселеге қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі де ұстанымын айтқан.

Енді әкімдіктер осы ұстанымдарды және заңды толыққанды орындауды қолға алуы керек. Заңды бұзуды тоқтату керек, — деп атап өтті Ғани Бейсембаев Мәжіліс кулуарында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *