Мектебімізде оқушылар арасында мейірімділік, достық, өзара қолдау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Достық қолын ұсын» (DosbolLike) атты акция ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – оқушыларды бір-біріне сыйластықпен қарап, қиындық көріп жүрген достарына көмектесуге, қолдау көрсетуге, жақсылық жасауды әдетке айналдыруға бағыттау.





