Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «ІТ мектеп-лицей» КММ, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ұлттық мүдде» құндылығы негізінде, «Тоғыз айға 9 іс-шара» жоспарына сәйкес білім алушылардың эстетикалық, патриоттық сезімдерін, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, балалардың домбыра тарту мәдениетін насихаттау, еліміздің мәдени мұрасын сақтау мақсатында “Күй күмбірі” республикалық домбырашылар челленджі өтті. Оқушылар Құрманғазы Сағырбайұлының күйі «Адай» күйін орындады. Оқушы саны: 10.
#біртұтастәрбие
