Skip to content

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ғылыми-әдістемелік бөлімшесінің басшысы Алпамышева…

  • by

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ғылыми-әдістемелік бөлімшесінің басшысы Алпамышева Динара Джумакадыровна, әдебиеттерді ғылыми өңдеу бөлімшесінің басшысы Байдуанова Ләззат Амангелдиевна ағымдағы жылдың 2 қазан күні министрліктің тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысына іс-сапармен келіп, әдістемелік жұмысын Ақтау қалалық білім бөлімі бойынша кітапхана әдіскері Люция Айнашовна Кенжеғалиевамен бірге Ақтау қаласы мектептері кітапханаларынан бастады. Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша «Оқу-әдістемелік орталығы»КММ-нің кітапхана ісі бойынша әдіскері Люция Айнашовна Кенжеғалиева бастаған топ «IT мектеп-лицей» кітапханасына келіп, кітапхананың қызметімен танысып, тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетті. Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Айсұлу Саурбайқызы мен мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Сулейменова Айнұр кездесу барысында “Оқуға құштар мектеп” жобалары және “Балалар кітапханасы” бағдарламасын іске асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып, пікір алмасты. Мектеп фойесінде оқушылардың үзіліс кезінде кітап оқуға арнап, жасақталған «Коворкинг» алаңы таныстырылды. Кітапхана меңгерушісі Утепбаева Назгүл кітапхананың материалдық-техникалық базасын қазіргі заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен жаңартылуына ұсынысын айтты.

#Республикалық_ғылыми-педагогикалық_кітапхана
@aktau.bilim_bolimi
@aktau_oku_adistemelik_ortaligi

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *