Мектебімізде сәуірдің 24-і күні «Қолөнер — тәрбие көзі» атты қалалық семинар өтті. Мақсаты:ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында шебер сыныптар өткізу арқылы мұғалімдердің тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету. Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасын қазіргі заман талабымен ұштастыра көрсеткен қалалық шебер сыныпта озық іс-тәжірибе үлгілерін көрсеткен көркем еңбек пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Нарыкова Алмагүл «Тақия тігу технологиясынан» шеберлік сыныбын өткізді. Ұл балаларға көркем еңбек пәнінен мұғалімі Картжанов Оразкалы «Ағашпен жұмыс» шеберлік сыныбын өткізді. Қатысушы мұғалімдер үйренген білімдеріне, жинаған тәжірибелеріне риза болып, семинар «жоғары дәрежеде өтті» деп бағаланды.
