Көктемнің алғашқы күнінде мектебімізге өлшеусіз үлес қосқан аяулы ұстазымыз Рябова Людмила Николаевна, Сізді Алғыс күнімен құттықтаймыз!
Шәкірттер алдындағы ұстаздық қызметіңіз бен әріптестеріңізге жасаған адами қамқорлығыңыз әрқашан жадымызда.
Атаулы мереке қарсаңында деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілей отырып, мектебіміз үшін жасаған қажырлы еңбегіңізге, өлшеусіз үлесіңізге ризашылығымызды білдіреміз!
Сіздердей ұстаздардан тәлім алған шәкірттер еліміздің әр бұрышында өнімді қызмет етіп жүр. Білім беру жолындағы саналы ғұмырыңызда біздің мектептің өркендеуі үшін орасан еңбектер жасадыңыз.
Бүгінгі ерекше мереке қарсаңында Сізді күн шуақты көктем мерекесі — Алғыс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy @aktau_oku_adistemelik_ortaligi
aktau.bilim_bolimi
@mangystau_obl_adistemelik