Skip to content

Қазан айының 29- күні мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы…

  • by

Қазан айының 29- күні мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мұғалімдер арасында «Кітап оқу тоқсаны» атты байқау ұйымдастырылды.

Байқаудың негізгі мақсаты – ұстаздардың әдеби шығармаларды оқу арқылы рухани толысуына, ұлттық құндылықтарды дәріптеуіне, сыни тұрғыдан ойлау мен талдау дағдыларын дамытуына ықпал ету, сонымен қатар кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, оқуға деген қызығушылығын арттыру болды.

Іс-шара барысында арнайы жоспар жасақталып, пән бірлестіктері арасында жұмыстар жүргізілді. Байқауға қатысушылар шығарманың көркемдік ерекшелігін ашу, мазмұнын терең меңгеру және қоғамдық-әлеуметтік мәселелермен сабақтастыру бағытында өз шеберліктерін көрсетті.

Мектепішілік кезеңнің әділқазылар алқасы ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұржанова Рима және директордың бейіндік бағыт бойынша орынбасары Аймағамбет Куланда тағайындалды.

Әділқазылар шешімімен байқауда ерекше көзге түскен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жәрдембай Мөлдір мен Жақай Лаура өз білімін әрі қарай толықтыру мақсатында қалалық кезеңге ұсынылды.

📖 Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі. Оқу – ұстаздық дамудың бастауы!

##kitapoqu_mng

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *