Мектебімізде 10 «Б» сыныбының жетекшілігімен «Ерлікке тағзым» ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен тәрбиелік іс-шара өткізілді. Өз кезегінде ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, әр түрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы, олардың әрқайсы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққаны жайлы айтып берді. Ал 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шыққан күні ардагерлер үшін тамаша мейрам бола тұра, дәл сол күн осы қасіретті соғыста қаза тапқан интернационал жауынгерлерді еске алу күні де болып табылады. Бұл кездесу елінің азаматы ретінде, болашақ Отан қорғаушы ретінде оқушылардың бойларына рух беріп, Отан алдындағы борышын адал өтеуге ынталандырады.
Аталмыш әскери іс-шараға мектебіміздің оқытушылары да қатысып, оқушылар ардагерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қою арқылы ерекше әсер қалыптастырды.
📹 @kammiylla