🙇♂️🙇♀️Бейімдеу шаралары бірінші сыныптар үшін жүргізілуде.
Мақсаты: Алғаш рет мектепке келген балалардың мектепке бейімделуіне, жаңа ортада өзін қауіпсіз және сенімді сезінуіне көмектесу.
💬Бірінші сынып оқушылары үшін мектеп өмірі ерекше маңызға ие, өйткені олар жаңа ортаға қадам басып жатыр.
Бұл ретте мектеп психологтары Бектигенова Ләззат пен Ералиева Гүлдана психологиялық
қолдау жұмыстарын жүргізуде.
Эмоциялық тұрақтылықты дамыту мақсатында “Көңіл-күй күнделігі”, өз-өзіне сенімділікті қалыптастыруда “Менің қолымнан келеді”, қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруде “Дос табу” тренинг жаттығулары жүргізілді. Нейро🧠 жаттығулар 💁♂️ бірінші сынып оқушыларына ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, назар аударуды жақсартуға, есте сақтау қабілетін күшейтуге көмектеседі.