Қазақ халқының ертеден бүгінге өшпей жеткен қолөнерінің бірі – құрақ құрау. Астарында үлкен тәрбие бар өнер түрі әлі күнге ел санасынан өшкен жоқ. Амал мерекесі қарсаңында ұлттық қолөнердің маңыздылығын арттыру мақсатында мектебімізде қыз балаларға арналған «Құрақ құраудың тиімді тәсілдері» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Пән мұғалімі көркем еңбек пәнінің ұстазы Нарыкова Алмагул. Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – бір жағынан ұлттық қолөнерімзді жаңғырту болса, екінші жағынан қыз балаларды кәсіпке баулып, ынталандыру. «Кілең шебер жиналса, істері тез қызады» демекші, сабақта қатысушылар құрақты құраудың бірнеше түрін құрауды меңгерді. Сонымен қатар матамен, тігін құралдарымен қалай жұмыс жасау керегін, қай ою-өрнек қандай негізде қолданылатынын, түстердің үйлесімділігін үйренді.
Таңғажайып көркемдігімен талайды тамсандырған қазақтың қолөнері бүгінгі жаһанданған заманда да өз мәнін жоғалтпай, жалғасын тауып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.