Мектебімізде «Әке-отбасының тірегі» атты әкелер форумы өткізілді.
Әке-әрбір отбасының темірқазығы, биік бәйтерегі, перзентінің мақтанышы, қорғаны, қайталанбас тұлғасы. Әкенің отбасындағы рөлі-перзенттерінің әкеге деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен биіктей берері хақ.
«Ұл-әкеден үйренбей, сапар шекпес»-демекші, құрметті әкелер қауымы сіздердің бала тәрбиесінде қолдауларыңыз біздің білім саласындағы реформаларды жүзеге асырудағы басты кілтіміз болмақ. Бүгінгі ұрпақ-ертеңгі болашақ. Біз өз шәкірттеріміздің бойынан қазақтың өр мінезі мен рухын, қайсарлығы мен даналығын бойына сіңірген, ар-ұят, намыс, ұлттық мүддені биік қоятын, дініміз бен ділімізге берік, тіліміз мен тарихымызға опасыздық жасамайтын, әлемдік елдер алдында ғылыми-техниканы меңгерген, экономикалық бәсекелестікке төтеп бере алатын қайсар ұрпақты көргіміз келеді. Ондай қайсар ұрпақты тәрбиелеу — сіздердей әке мен ақпараттық-инновациялық технологияларды меңгеріп, ІТ вертуалды сандық білім бере алатын біздің мамандарымыздың қолында.
Еліміздің болашағын біз армандағандай ұрпаққа аманаттайық!Әкелер форумының жұмысына сәттілік тілеймін!Әрқашан дендеріңіз сау болып, ұрпақтарыңызбен мың жасаңыздар!