Ағымдағы жылдың қазан айының 23і күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында 25 қазан — Республика күніне орай “Менің Отаным- Қазақстан” әдеби сазды кеші ұйымдастырылды. Шараға мектебіміздің Кітапхана меңгерушісі Утепбаева Назгүл және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жөнейітова Оразгүл Мұратқызы бастауымен 8 “А” сынып оқушылары әдеби сазды кешке белсене қатысып, өз өнерлері мен білімдерін, кітап оқуға деген қызығушылықтарын көрсетті. Кітап оқу әлеміне саяхат жасап келді.
