Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні мектеп жастарына мотивация беру, жұмыс жоспарларына жаңа идея ұсыну, алдағы уақытта жобалар дайындауға алғашқы қадам жасау мақсатында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “№30 жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің физика пәні мұғалімі, педагог-шебер Бакаев Альбек Талғатұлының “Алға қарай 1 қадам” тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Шараға ұжымның жас мамандары белсене қатысып, өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісті.
@aktau_oku_adistemelik_ortaligi