16 ақпан күні «IT мектеп-лицей» кітапханасында «Абай әлеміне саяхат» тақырыбында тәрбие жұмысының іс-шаралары негізінде 7А сынып оқушыларымен әдеби кеш өткізілді. Кештің мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын қызықтыру; ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармаларын таныстыра отырып, өлеңдерінің негізгі идеясын ашуға үйрету; оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру;
Әдеби кешімізге Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының балалар бөлімінің кітапханашысы Хасанова Күланда Айтқалиқызы арнайы шақырылды. Күланда Айтқалиқызы «Абай-қазақ халқының кемеңгері» атты жүрмелі көрмесін ұйымдастырып, көрмеге библиографиялық шолу жасады. Абай атамыздың өз кітапханамыздың қорында сирек кездесетін шығармаларымен оқушыларды таныстырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды. Кешіміздің соңында 7Асынып жетекшісі Миняжева Жанар апайға алғысымызды білдіріп, Күланда Айтқалиқызына алғыс хат табысталды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілетін іс-шаралар әлі де, жалғасын табады.