18.11.2025ж IT мектеп-лицей КММ
Прокурормен кездесу – Құқықбұзушылықтың алдын алу
📌 Мақсаты:
Мектеп оқушылары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.
Кездесу барысында:
— Ақтау қаласы прокурорының орынбасары Ходжаев Берік Мавладинович жасөспірімдерге құқықбұзушылық түрлері, заң алдындағы жауапкершілік және әлеуметтік желідегі қауіпсіздік тақырыптарында түсіндірме жұмысын жүргізді.
— Буллинг, қоғамдық тәртіп, интернеттегі құқық бұзу секілді мәселелер қозғалды.
— Заңды сақтау — әр оқушының жеке жауапкершілігі екені атап өтілді.
