14 қарашада IT мектебімізде сұлулық, нәзіктік, талғам және талант тоғысқан ерекше кеш өтті.
Miss IT – 2025 байқауы — жарқыраған жұлдыздар сахнасы, шабыт пен энергияға толы әсерлі мереке болды.
Қатысушылар өз өнерімен, сөйлеу мәдениетімен, сахнадағы сенімділігімен көрермендердің жүрегін жаулап, кештің сәнін келтірді.
Әрбір ару — қайталанбас, дара тұлға. 💖
Осы тамаша кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұстаздар мен қолдау көрсеткен барша жанға ризашылығымызды білдіреміз.
#adal_azamat
#birtutas_tarbie_mangystau
#aktau_tarbyie
