Skip to content

“Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында мектепте «Күздің көркем қолөнері»…

  • by

“Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында мектепте «Күздің көркем қолөнері» атты көрме ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушылардың еңбекқорлық, ұқыптылық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғи материалдардан бұйымдар жасауға қызығушылығын арттыру.

Көрмеге әр сыныптың оқушылары өз қолымен жасаған түрлі бұйымдарын ұсынды. Жапырақтар, тұқымдар, көкөністер мен жемістерден жасалған ерекше композициялар күзгі табиғаттың әсемдігін айшықтай түсті.

Іс-шара барысында оқушылар өз еңбегін паш етіп, табиғатты аялау мен еңбекті қадірлеудің маңызын түсінді.

Бұл іс-шара жас ұрпақтың эстетикалық талғамын дамытып, еңбексүйгіштік пен жауапкершілікке баулуға зор ықпал етті.

#adal_azamat
#birtutas_tarbie_mangystau
#aktau_tarbyie

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *