Skip to content

17 қаңтар 2023 жыл

  • by

17 қаңтар 2023 жыл

Бүгін мектебімізде әкелер кеңесі жанында құрылған «Отбасы орта мектеп», «Өнегелі бір сағат», «Құқықтық мәдениет» жобалары аясында 7 сынып ұлдарының қатысуымен отбасының ұйытқысы, негізгі тірегі әкелермен бірге «Әке жолы – ізгі жол» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты : мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым – қатынасын нығайту, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық әрекеттердің алдын – алу  мәселесі, бала мен әке арасындағы тығыз байланысты орнату . Әкелер кеңесінің жұмысын кеңінен насихаттау арқылы олардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі арта түспек. Іс – шара барысында әкелер қызықты сұрақтарға жауап беріп, ситуациялық жағдайлардан шыға білді. Мектеп психологтары «Отбасы – жылылық ұясы» тақырыбында тренинг жүргізді. Тағылымы мол кездесу соңында  мектеп директорның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ғ.Дәулеткерейұлы, Л.Есбосынқызы «Әкелер кеңесінің» жұмысын жандандыру керектігін айтып, тәрбие сағатында өнегелі әңгімелер мен ақыл – кеңестері үшін мектеп әкімшілігі тарапынан алғыстарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *