Skip to content

9 Қаңтар 2023 ж.

  • by

 

Қабидолла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасына қысқы демалыс кезінде саяхаттап «Қыста оқимыз» аясында оқыған кітаптарын «Кітап – досым, ақылшым» тақырыбында эссе жазу шарасына қатысты. Шара барысында қатысқан 7 сынып оқушылары Шадырақ Венера мен Қазиева Айназ және 6 сынып оқушысы Сейілханова Айару жүлделі орындарды жеңіп алды.

9 Қаңтар 2023 ж

Мектеп оқушыларының қысқы демалыс уақытын тиімді пайдалану аясында «Қыста оқимыз» тақырыбында бастауыш сыныптар арасынан 2г сынып оқушылары кітапханадан оқуға алған кітаптарынан үзінді жариялаймыз.

Мақсаты Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету; кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;  оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға құштарлықтарын арттыру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Бастауыш сынып оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру. Оқушылар ертегілердің маңызын зерттейді, ертегілерді оқи отырып қиялдайды, қажетті дағдыларды күнделікті өмірде қолданады, ертегі туралы шағын әңгіме жазады. Оқыған кітаптан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі, оқырмандарды шабыттандырады.

Орта буын сыныптарында оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру, тақырып бойынша эссе жазуға дағдыландыру. Жоғары сынып оқушыларын әдеби – классик жазушылардың шығармаларын оқуға тарту, оқыған кітабын насихаттауға дағдыландыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *