Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында 2023 жылдың 6-10 ақпан аралығында АҚББ “IT мектеп лицей” КММ-де “Өмірге ия деп айт” тақырыбында психологиялық апталық өткізілді.
Апталықтың мақсаты: оқушыға өмір құндылықтарын кеңінен таныту, өзін тануға мүмкіндік беру, өмірге құштарлығын дамыту, өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.
Апталық аясында 7-9 сынып оқушыларына мектеп психологтары Қ.Оңайбаева мен Л.Бектигенова “Жүрек жақсылыққа ашылады” тақырыбында дәріс, ой-пікір, 5-6 сынып оқушыларына тренинг, 8-10 сынып оқушыларына “Өмір сен маған қымбатсың!” тақырыбында бейнеролик көрсетілді. 1-4сынып оқушылары арасында “Мен өмірге құштармын!” атты фотосуреттер көрмесі ұйымластырылды. Мектебімізде “Сенім жәшігі” жасап, оқушылармен ата-аналарға психологиялық кеңес берілді.
