Күй атасы — Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай мектебімізде бастауыш сынып және жоғары сынып оқушылары арасында «Күмбірле, күй-домбыра» домбырашылар байқауы өтті. Мақсаты: Қ.Сағырбайұлы есімін дәріптеу арқылы, күйлерін оқушылар арасында кеңінен насихаттау; күй өнерін өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа тарату, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін арттыру.
Байқауға жас ерекшеліктеріне қарай жалпы 28 оқушы қатысты. Орындау шеберліктеріне қарай дәрежелі дипломдармен марапатталды.
📹 @yerlankyzy_korkem