“Ашық және әділ мектеп” жобасы бастау алды.
Мектебімізде кіші педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде қазіргі тандағы сыныптардың білім сапасына жүргізілген мониторинг қорытындысы, білім сапасын арттыру мақсатында “Lesson study” тәсілімен оқыту және “Ашық және әділ мектеп” жобасының алғашқы кезеңі — зерделеу қорытындысы қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша сыныптардың қазіргі таңдағы білім сапасы, кеткен олқылықтар бойынша жұмыс, сыныптардың жекелей білім сапасының артуы мен төмендеу себептері талқыланды.
Мониторинг қорытындысы бойынша білім сапасының төмендеуі байқалған сыныптарға “Lesson study” әдісі арқылы зерттеу жұмыстардың жүргізілуі талқыланды және арнайы зерттеу топтары құрылды.
Ақпан айында “Ашық және әділ мектеп” жобасы бастау алып, бір айда атқарылған жұмыс қорытындысы талқыланды. Жоба мақсаты оқушыны оқыту мен тұлғалық дамуына қолайлы орта қалыптастыру, мұғалім мен оқушы арасында үндестік орнату және оқушылардың пікірін ескере отырып, жұмыс жүйесін онтайландыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.
Кеңес отырысының соңында облыстық олимпиадада жетістікке жеткен педагогтар марапатталды.
