7 наурыз күні Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында мейірімділік пен сұлулықтың жаршысы-мектебіміздің аяулы арулары ерекше құрметке бөленді. Ер-азаматтардың ұйымдастыруымен өткен мерекелік кеш нәзік жанды әйел қауымын үлкен қуанышқа бөледі. Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы байланысты нығайтып, біріктіру мақсатында дәстүрлі жоба «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Қазақ әндері мен шетел әндерін нақышына келтіріп орындай білген қатысушы жұптар анықталды. Ер-азаматтардың бірлесіп шырқаған әндері, оқушылардың сахналық өнерлері, ата-аналардың ілтипаты, ізгі тілектің бәрі аруларға арналды. Мектеп директорының міндетін атқарушы Ж.Е.Есболаева нәзік жанды әйелдер қауымына ізгі тілегін жолдап, түрлі салада белсенділігімен, ерен еңбегімен жетістікке жеткен жандарды алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, еңбек ардагерлеріне де сыйлықтар үлестірілді.
