БАЛАЛАР ҮНІ!
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай республикалық челлендж аясында мектебіміздің директоры Анжела Сьезовна Батырова 8-10 сынып оқушыларымен ерекше кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылардың пікіріне, арманына, ой-толғаныстарына ерекше мән берілді. Оқушылар өздерін толғандырған мәселелерін ашық айта білді. Мектеп қабырғасында қандай өзгерістер болғанын қалайтындарын жеткізді. Балалар- біздің болашағымыз! Олардың үні естіліп, пікірі ескерілсе-ертеңіміз нұрлы болмақ!
