“Нашақорлық — қоғам дерті” тақырыбында кездесу өтті.
Қазіргі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Қазір жастар арасында синтетикалық есірткі көп тараған. Осы дерттің алдын алу үшін бүгін мектебімізде Маңғыстау облыстық жастар орталығымен бірлесе “Алаш арманы” қоғамдық қорының арнайы мамандары “Нашақорлық — қоғам дерті” тақырыбында оқушылармен кездесу өтті. Кездесу барысында қажетті ақпараттар беріліп, арнайы құрылғылар арқылы таныстырылды. Мамандар тәжірибе жүзінде есірткінің адамға тигізетін зиянын көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға үгіттеді. Кездесу соңында мектеп оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алып, өзара еркін пікір алмасты.