1 сыныпқа қабылдау бойынша аңдатпа.
Ата-аналар назарына!
Құрметті, болашақ 1-ші сынып оқушыларының ата-аналары!
1-ші сыныпқа қабылдаудың негізгі шарты 052-2/у формасының болуы
(баланың денсаулық паспорты) екенін хабарлаймыз!
Егер емханада сізге бұрынғы 026 формасындағы анықтаманы берген болса, уайымдамаңыз! Ең бастысы бала медициналық тексерістен
жақында өтіп, құжаттағы ақпарат актуалды болуы маңызды.
Қазіргі кезде емханалар жаңа
052у формадағы анықтама беріп бастады. Бұл анықтама да жарамды.
Яғни, мектептер анықтаманың екі нұсқасын да қабылдайды! Олар 052-2/у және 052у.