Амал мерекесі қарсаңында мектебімізде дәстүрлі садақ атудан ер балалар арасында жарыс өтті. Мақсаты: салт-дәстүрімізді жаңғырту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, садақ атудың бұқаралық спорт ретінде дамуына ықпал ету.
Садақ атудың адам денсаулығына тигізер пайдасы мол, омыртқа жотасының түрлі ауруларына ем, көз ауруларының алдын алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар қырағылықты арттырады, сабырлыққа үйретіп, психологиялық тұрғыдан ұстамдылықты дамытады.