Skip to content

2024 жылдың желтоқсан айының 05 жұлдызында Ұлы даланың ұлы перзенті…

  • by

2024 жылдың желтоқсан айының 05 жұлдызында Ұлы даланың ұлы перзенті Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен “Туған жер киесі- дархан дарын иесі” атты Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш өткізілді.Дәуірдің кемеңгер қаламгері атанған Маңғыстаудың төл перзенті Әбіш Кекілбаевтың өмір дерегіне,шығармашылығына шолу жасап,парасатты тұлғаның тұңғиық әлеміне саяхат жасалды.
Кешіміздің шымылдығы маңғаз дала Маңғыстау әнімен шырқалса,шәкірттеріміз Әбіш атамыздың өлең -жырларын,ақын-жазушылардың ақынға арнаған пікірлері оқылды, тебірентіп күй орындады,
“Құс қанатында” шығармасындағы Ана бейнесі сомдалды.
Әдеби кешімізді қазақ әдебиетінің маңдай алды өкілі,қара сөздің сұңғыла сүлейі Әбіш Кекілбаевқа арнаған”Әбіш аға” әнімен қорытындыланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *