“Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің”,- дейді халқымыз. Иә, жоқ-жетікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу-халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Мектебіміздің ардақты ұстазы Бөлтекова Аккенже Акоразқызы өзінің жетекшілік ететін 8”Ә” сыныбымен балалар үйіне барып, жаңа жылдық ойыншықтармен, жарықшамдармен безендірілген шырша құрып беріп, балаларымызды қуантып, көңілін көтеріп қайтты. Аққенже апай үнемі оқушыларға білім беріп қана қоймай, олардың бойына адами құндылықтарды, кішіпейілділік пен қайырымдылықты, адалдық пен адамгершілікті қалыптастыруды өзіңің басты мақсаты. Аққенже апай мен оқушыларына үлкен алғыс айтамыз.🙏
