Бүгін Наурыз мерекесіне орай Республика бойынша барлық мектепте бір уақытта қазақ халқына кеңінен танымал «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ерке сылқым» күйлері орындалды. Бұл челлендждің мақсаты: күй орындау өнерінің майталмандарын, олардың музыкалық мұраларын халық арасында кеңінен насихаттау, асқақ шығармашылықтарын дәріптеу, күйді нақышына келтіріп орындайтын таланттарды шыңдау. Оқушылар арасында домбыра аспабының қасиетін ұғындыру.