🤗Ұжымдастар куиз ойнаған күн болды!
Қаңтар айының 27-31 аралығында өткен “Озат тәжірибе-ортақ әдіс” атты зерттеуші-педагогтер апталығының соңы *әлем халықтарының тарихын, ғылымын, өнерін, әдеби мұраларын насихаттау, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ұжыммен бірлескен жұмыс жасау дағдыларын арттыру* мақсатында “Қазақша куиз” ойындарымен аяқталды.
Зияткерлік ортада мектеп ұстаздарынан құралған 5 топ қызықты және тартысты ойын көрсете алды. Апта соңында сабақтан шаршап жүрген ұстаздар интеллектуалдар ортасында топтасып біраз ми шайқап алды.
Көңілді музыка сөздерін, эмоциялы мақалдарды табу, бейнебаянды атау, тарих тереңіне, әдебиет әлеміне бойлау біз үшін сән ғой дегізгендей болды ұстаздарымыз.
🌏🎶🥁🧮📚📖📝
Сонымен тартысқа толы куиз соңында
1-орынды “Пикми promax” командасы 👉👈
2-орынды “У-лы тұлғалар” командасы 🐍👥
3-орынды “Jungle group”командасы 🏝️🐒🥥
иеленді.
Ойын соңына дейін қалыспаған “Ұр, тоқпақтар” командасы 🏏мен “Тұрдықылыштың махаббаты” командасына 👩🏽❤️👨🏽 алғыс айтып тарастық.
Ойын жеңімпаздары арнайы дипломдармен, кітаптармен марапатталды.
Интеллектуалды додада шашасына шаң жұқпаған жүйріктерді жеңістерімен құттықтаймыз!!! ✨✨✨