"АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ" жобасы аясында 5-9 сынып білім алушылардың ата-аналарымен "Бақытты әке болудың кілті өз қолыңда!" тақырыбында сабақ жүргізілді. Сабақтың мақсаты: Әке болудың жауапкершілігін, салмағын талқылау.
Міндеттері:
1. Бақытты әке болудың сырын ашу
2. Отбасы татулығын сақтаудағы әке жауапкершілігін түсіндіру
3. Әкенің балаға үлгі болу дағдыларын дамыту. Ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттер: Бірлік пен татулық. Жауапты сынып жетекшілер: Ергарина Таңатқан, Елеуова Жадра, Жөнейітова Оразгүл.