Ағымдағы жылдың 4 мамыр күні мектебімізде “Қоғам және бала” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
✅ Жиналыс барысында мектеп директорының міндетін атқарушы Ж.Есболаева қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасында орын алып жатырған жағдайлар, бала тәрбиесі, мектептің ішкі тәртібі және ата-ана мен педагог арасындағы қарым қатынас туралы сөз қозғады.
✅ Ақтау қаласы полиция басқармасының қызметкері С.Темиров жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар және оның алдын алу бойынша ақпарат беріп өтті.
✅ Ақтау қалалық прокуратура өкілі А.Айжарикова жасөспірімдер арасында орын алып жатырған жыныстық тиіспеушілік, зорлық-зомбылық және суицид мәселелері және оның алдын алу бойынша сөз қозғады.
✅ Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Құрманғалиев жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған шаралары, қамқоршылық кеңес жұмысы, қазіргі таңдағы ата ана мен педагог арасындағы қарым қатынастар туралы сөз қозғады.
✅ Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Батырова қазіргі таңдағы сыныптардың оқу сапасы көрсеткіштеріне тоқталып өтіп, емтихан туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс соңында ата-аналармен еркін форматта пікір алмасып, ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ алдағы соңғы қоңырау шарасында оқушылардың тәртіп сақтауға, бітіруші сыныптар арасында құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақырды.