Мектебімізде өткізіліп жатырған зерттеушілер апталығының аясында тарих пәні мұғалімі педагог-зерттеуші Батырова Анжела Сьезовна 10 сынып оқушыларымен “Ел тарихын білесің бе?” атты интеллектуалды ойын өткізді. Іс-шараның мақсаты- оқушылардың Қазақстан тарихынан алған білімдерін толықтыру, жан-жақты дамыту, оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, топпен жұмыс істеу қабілеттері мен дағдыларын дамыту және Қазақстан тарихына деген құрмет сезімдерін арттыру, азаматтық, патриоттық тәрбие беру болып табылады. Үш кезеңнен тұратын топтық сайыста оқушылар ойынға белсене қатысып, өздерін жаңаша қырларынан көрсетті.
“Ел тарихын білесің бе?” атты интеллектуалды ойынның қорытындысында
І орын 10 «Г» сыныбы
ІІ орын 10 «Ә» сыныбы
ІІІ орын 10 «А» сыныбы
«Ел жанашырлары» номинациясымен 10 «Б» және 10 «В» сынып оқушылары марапатталды.
