14 ақпан «Халықаралық кітап сыйлау күні» аясында кітапханамызда кітапхана оқырмандарының «»Кітап сыйла» іс-шарасы өткізілді. Шараға бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналар белсене қатысты. 2А, 2Ә, 4Г, 5Ә сынып оқушылары және сынып жетекшісі Ермекова Роза, Есболаева Жұмагүл, Шәуменова Гүлнұр, Жақсылықова Альбина мұғалімдеріміз белсене араласып, кітапханаға сыйға қазақ тілінде белігілі жазушы қаламгерлердің және ертегі шығармаларын сыйға тартты.
Бұл мерекенің басты мақсаты: Қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Мейрамның шығу тарихы ерекше. Кітап сыйлау мерекесі 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Эмми Бродмур — әлеуметтік желіні белсенді қолданушы, блогер әрі 3 баланың анасы. Бір күні ұлы анасына дәл осы күні «неге адамдар бір-біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?» деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттыра бастайды. Нәтижесінде әлемнің барлық елдерінде бір-біріне кітап сыйлайтын жандардың қатары көбейген. Қазіргі таңда мереке халықаралық деңгейге дейін жетті.
Шараға қатысқан оқушыларымыз бен ұстаздарға үлкен алғысымызды білдереміз. Кітап оқуға деген қызығушылығы зор оқырмандарымыз көп болса екен. Бүгін бір-бірімізге себепсізден-себепсіз кітап сыйлап, жақындарымызды қуантайықшы.
#қалалықбілмбөлімі.
#ғылымипедагогикалықкітапхана