2025 жылдың наурыз айының 4 – ші жұлдызында Ақтау қаласы бойынша «Оқу – әдістемелік орталығы» КММ – нің әдіскері Махина Сандигул Муратовна мектебіміздің 110 мектеп бітіруші түлектерімен кездесу өткізді. Мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ бойынша таңдалған бейіндік пәндер комбинациялары туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл – кеңес берілді, шәкірттеріміз жеке сауалдарын қойып, өздеріне керекті ақпараттарын ала білді. Оқушыларымызға ақ жол тілеп, алдына қойған үлкен мақсатқа жетелейтін жігерлі сөздермен сәттілік тіледі.
