Skip to content

“Аналарға арналады әніміз” мерекелік кеші✨ 8 наурыз – Халықаралық әйелдер…

  • by

“Аналарға арналады әніміз” мерекелік кеші✨

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 11В сыныбы “Аналарға арналады әніміз” атты мерекелік лирикалық кеш ұйымдастырды. Бұл ерекше кеш мейірім мен махаббатқа, аналарға деген шексіз алғыс пен құрметке толы болды.

Оқушылар аналарға жүрекжарды жырларын арнап, әсем әндер шырқап, жан тебірентерлік құттықтаулар айтты. Жылы лебіздер мен ақ тілектер айтылып, аналарға гүл шоқтары тарту етілді. Кештің әр сәті шынайы қуаныш пен мейірімге бөлеп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Бұл мәні терең, мағынасы зор шараның ұйымдастырушысы – 11В сыныбының жетекшісі, математика пәні мұғалімі Ақтеңге Әріпқызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *