7 сәуір күні мектебімізде педконсилиум — пән мұғалімдері мен ата-аналардың кездесуі ұйымдастырылды. Жиналыс барысында ата-аналар оқушылардың сабақ үлгерімі мен сабақтағы оқу белсенділігіне: тоқсандық баға қорытындысы мен бақылау жұмыс нәтижелеріне, тәртібіне қатысты ақпараттарды мұғалімдермен жеке жүздесуден ала алды. Бұл екі жақты тығыз байланыс оқушылардың оқу сапасын көтеруге өз септігін тигізеді.