7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен медицина қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет екендігі түсіндірілді. Оқушылардың жеке бас гигиенасы, тазалық, алғашқы көмек көрсетудің жолдары айтылып, оқушыларға денсаулықтарында жайсыздық туындағанда немесе белгілі бір ауру түрлерінің алғашқы белгілері байқалғанда міндетті түрде дәрігерлерге қаралуға және ата-ананың, дәрігердің рұқсатынсыз дәрі-дәрмектердің түрін қолданбау қажеттігі түсіндірілді.
