Skip to content

7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күніне арналған тәрбиелік шара

  • by

Мектебімізде 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күніне арналған тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды Ұлы Жеңісті дәріптеуге, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту. 02 мамыр-05 мамыр аралығында 1-11 сыныптарда өткен сынып сағаттарында 1941-1945 жылдар аралығындағы Қазақстаннан майданға аттанған ерлер туралы, жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналғандығы жайлы ақпараттар берілді. Апта бойы бұл күннің маңыздылығы, Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайтындығы насихатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *