5 желтоқсанда Қ. Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханада “Қаныш Сәтпаев кім?” атты кітап бойынша 12 жас балалар арасында кітап оқу сайысы өтті. Аталған сайыста мектебіміздің 7 “А” сынып оқушысы Бекес Ақбөбек бас жүлдені жеңіп, ақшалай сыйлыққа ие болды.
2-орынды Сәлімжан Аяулым жеңіп алып, ол да ақшалай сыйлықпен марапатталды.
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында ұйымдастырылған бұл сайыс оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра түсті. Жеңімпаз атанған оқушыларымызды құттықтай отырып, алдағы жетістіктеріне сәттілік тілейміз!
#балаларкітапханасы
