26-наурыз “Кәсіпкерлер күніне” орай 9-сыныптар арасында “Кәсіптік бағдар — болашаққа бағдар” атты 5 кезеңнен тұратын пікірталас өтті. Оқушылар мамандық, мамандық таңдау туралы өз ойларын айтып, өздері қалаған мамандықтары туралы түсінік беріп кетті.
Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу: қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа бағыттау.
Шараға жеке кәсіпкер Ахметхановна Альбина қатысып, оқушыларға ақыл-кеңесін айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Шара соңында мектеп директоры А.С. Батырова мен Альбина Ахметхановна белсене қатысып, ойларын білдірген оқушыларды марапаттады.
#наурызнама
#біртұтас_тәрбие