«23 сәуір -Ұлттық кітап»күнін Республика бойынша өткізу аясында мектеп-лицейміздің кітапханасында Қ.Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасымен бірлесіп қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Тәкен Әлімқұловтың «Құлқын» шығармасына арналған іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға мектеп-лицейміздің 8А,Ә сынып оқушылары қатысып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын жоғары деңгейде көрсетті. Іс-шараның басты мақсаты: оқушылардың шығарманы оқи отыра, негізі идеясын ашып білу, шығарманы талдау, оқушы шығарманы оқып,ойын жеткізе білу. Іс-шарада «Бір ел-бір кітап» тақырыбында Тәкен Әлімқұловтың шығармаларына арналған кітап көрмесі жасақталып, таныстырылды. #Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана