2025 жылдың маусым айының 19-ші жұлдызында мектебіміздің 2024-2025 оқу жылының алтын ұя білім ордасынан ұшқалы отырған жас түлек 11-сынып білім алушыларының «Қош бол, мектебім – арманға бастаған мекенім!» атты жалпы орта білім бітіргендігі
туралы аттестат табыстау рәсімі өткізілді. Рәсімге мектебіміздің 116оқушысы қатысып, аттестатын қолдарына салтанатты түрде алды. Салтанатты жиында мектеп басшысы Анжела Сьезовна оқушыларға құттықтау сөзін сөйлеп,ата-ана,сынып жетекші,оқушылар мектебімізге,ұстаздарымызға арнауын білдіріп,өз алғыстарын білдірді.
