16 желтоқсан Қазақтан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының балалар бөлімінде өткен «Тәуелсіздік таңы атқан кун» атты тарихи танымдық өткізілді. Ата-бабаларымыздың асыл мұрасын, бізге аманат еткен баға жетпес байлығымыз — Тәуелсіздік жолы үшін қан кешкен батырларды еске алып, тағзым етіліп, бір минуттық үнсіздік жарияланды. Шара еліміздің Мемлекеттік әнұранымен басталды. Шараға қатысқан IT мектеп-лицейміздің бастауыш сынып оқушылары Тәуелсіздікке арналып жазылған қазақ ақындарының өлең-жырларын мәнерлеп оқудан жалғасын тапты. Әнші оқушыларымыз 4Г сынып оқушылары Әріп Лаура мен Ғалым Рухсана Тәуелсіздікке арналған ән жырларын өте жоғары деңгейде шырқады. Осы шара барысында «Тәуелсіздік-қасиетті ұғым» атты жасақталған кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеге қойылған ақын-жазушылардың шығармаларымен оқушыларымыз танысып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын білдірді. Кештің мақсаты: Болашақ ұрпағымызға ұлтымыздың ұлы мерекесі-Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беріп, өз елін сүюге, ата-бабаларымыздың асыл мұрасын, бізге аманат еткен баға жетпес байлығымыз-Тәуелсіздік жолы үшін қан кешкен батырлардың ерліктерін үлгі ету, өскелең ұрапақтың бойында патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Мектеп кітапханасында да «Тәуелсіздік белестері»тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, мектеп оқушыларына библиографиялық шолу жасалды.
